ТМД үкімет басшыларының кеңесі азық-түлік қауіпсіздігін арттыру бойынша бірлескен шаралар кешенін дайындау мәселесін қарастырады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД үкімет басшыларының кеңесі азық-түлік қауіпсіздігін арттыру бойынша бірлескен шаралар кешенін дайындау мәселесін қарастырады

ТМД үкімет басшыларының кеңесі азық-түлік қауіпсіздігін арттыру бойынша бірлескен шаралар кешенін дайындау мәселесін қарастырады

Минск. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ТМД-на мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының кеңесінің кезекті отырысында Достастықтың азық-түлік қауіпсіздігін арттыру бойынша бірлескен шаралар кешенін дайындау мәселесі қарастырылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 20 Мамыр 2008
  • 788
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Үкімет басшыларының кеңесінің талқылауына 21 мәселені шығару көзделіп отыр. саммиттің өзекті тақырыптарының бірі азық-түлік қауіпсіздігі болмақ.

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТМД-ның агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі Үкіметаралық кеңес жанынан Достастыққа мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін күшейту бойынша бірлескен шаралар кешенін дайындайтын жұмыс тобы құрылды. ТМД елдерінің агроөнеркәсіп кешенінің жағдайын сараптамадан өткізу негізінде жұмыс тобы Бүкілресейлік ауыл шаруашылығының экономикасы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып Бірлескен шараар кешенінің жобасы жасап шығарылды. Құжат ТМД Агроөнеркәсіп мәселелері жөніндегі кеңес тарапынан мақұлданды және белгіленген тәртіппен Экономикалық кеңестің қарауына енгізілетін болады», — деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Бұл тақырып дүниежүзілік азық-түлік ресурстарының жетіспеушілігі сезілген ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бері әлемдік қоғамдастықтың назарын аударып келеді. Азық-түлік қауіпсіздігінің проблемасы жаһандық сипатқа ие: тамақ өнімдерін өндіру, бөлу және саудалау қай мемлекет болмасын, оның халқы аштықтан, тойып тамақ жемеуден немесе сапасыз тамақ өнімдерінен зардап шеге ме немесе азық-түлік тауарларымен жетілікті деңгейде қамтамасыз етілген бе дегенге қарамастан әрбір мемлекетті толғандырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті