ТМД және Балтық елдерінің темір жол транспорты жөніндегі кеңесінің 39-отырысы Минскде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД және Балтық елдерінің темір жол транспорты жөніндегі кеңесінің 39-отырысы Минскде өтеді

ТМД және Балтық елдерінің темір жол транспорты жөніндегі кеңесінің 39-отырысы Минскде өтеді

Бүгін, 16-қарашада Минскде ТМД және Балтық елдерінің темір жол транспорты жөніндегі кеңесінің 39-отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today ақпараттық агенттігінің Бакудегі тілшісіне Әзербайжан мемлекеттік темір жолы басқармасынан хабарлады.

  • 16 Қараша 2004
  • 705
Фото - Caravan.kz

Талқыланатын басты тақырыптар арасында Кеңестің 38-отырысының шешімдерін орындау, темір жолдардың 2004-жылдың 9 айындағы эксплуатациялық жұмыстарының қорытындысы, жүк және жолаушы тасымалдайтын поездардың қозғалыс кестесінің нормативтері, жүк отарбалары мен контейнерлі вагондарды құру жоспары, 2005-2006-жылдарға арналған мемлекетаралық бағыттарды айқындау тәртіптері туралы мәселелер бар.

Сонымен бірге отырыс барысында жүк вагондарының санағы қорытындысын, 2004-жылғы контейнерлер санағының алдын-ала қорытындыларын, жүк вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету мәселелері, халықаралық бағыттарда ірі тоннажды рефрижераторларда, арнаулы платформалардағы контейнерлерде жүк тасымалдау жағдайлары, мемлекетаралық деңгейде ақпараттық база құру жұмыстарының барысы, АСУ «ДИСПАРК-Е» ақпараттық технологияларын жобалау сынды мәселелер де сарапқа салынады.
ТМД-ға қатысушы елдердің темір жол транспорты жөніндегі Кеңесі Достастық үкімет басшыларының шешімімен 1992-жылы құрылған. Бүгінде оның құрамына ТМД елдері түгелдей, сондай-ақ, Латвия, Литва, Эстони яжәне Болгария енеді. Кеңес темір жолдарды пайдалану, жүк вагондары мен контейнерлерді бірлесіп пайдалану және техникалық қызмет көрсету, жүк және жолаушы тасымалдау жағдайлары, халықаралық бағыттағы поезд қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс және қызмет үшін өзара есеп айырысу және есеп беру жүйесін қалыптастыру, ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша шешім қабылдайды.

Перейти к новостям спорта