ТМД және Балтық жағалауы елдерінде 2004-жылдың 10 айының қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы Өзбекстанда ең жоғары деңгейде өссе, Грузияда керісінше мейлінше төмендеп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД және Балтық жағалауы елдерінде 2004-жылдың 10 айының қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы Өзбекстанда ең жоғары деңгейде өссе, Грузияда керісінше мейлінше төмендеп кетті

ТМД және Балтық жағалауы елдерінде 2004-жылдың 10 айының қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы Өзбекстанда ең жоғары деңгейде өссе, Грузияда керісінше мейлінше төмендеп кетті

ТМД және Балтық жағалауы елдерінде 2004-жылдың 10 айының қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы Өзбекстанда ең жоғары деңгейде өссе, Грузияда керісінше мейлінше төмендеп кетті. Беларусь республикасының БелаПАН ақпараттық компаниясы жүргізген салыстырмалы зерттеу қорытындысы осындай. Бұл туралы бүгін, 4-қарашада TRIBUNE-uz. интернет-басылымы жариялады.

  • 4 Қараша 2004
  • 448
Фото - Caravan.kz

Зерттеуге сәйкес, Өзбекстанда биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында АҚШ доллары 6,68 процентке қымбаттады (980 сомнан 1 045,48 сомға дейін).

Бұл тізім бойынша екінші орында 2,39 проценттік өсіммен (2,9565-тен 3,0271-ге дейінгі) Тәжікстан, үшінші орында 0,74 проценттік өсіммен Беларусь (2 156-дан 2 172-ге дейінгі) тұр.
Түрікменстанда доллардың ресми бағамы 5 200 манаттан өзгерген жоқ. Басқа посткеңестік елдерде бағам төмендеді. Әзербайжанда 0,35%-ке ( 4 923-тен 4 906 манатқа дейін), Украинада 0,47%-ке ( 5,3315-тен 5,3065 гривенге дейін), Эстонияда 1,14%-ке ( 12,4096-дан 12,268 кронға дейін), Латвияда 1,29%-ке (0,541-ден 0,534 латқа дейін), Литвада 1,84%-ке (2,7621-ден 2,7114 литке дейін), Ресейде 2,34%-ке (29,4545 -тен 28,7655 рубльге дейін), Қырғызстанда 5,52%-ке ( 44,1902-ден 41,7526 сомға дейін), Молдовада 5,74%-ке (13,22-ден 12,4613 лейге дейін) арзандады. АҚШ доллары мейлінше арзандаған елдер санатына үш ел қосылды: Қазақстанда бағам 8,47%-ке (144,22-ден 132 теңгеге дейін), Арменияда — 10,91%-ке (566-дан 504,27 драмға дейін), Грузияда 11,93%-ке (2,075-тен 1,8275 лариге дейін) арзандады.
Тәуелсіздігі мойындалмаған, өз валютасы бар Приднестровье Молдова республикасында доллардың ресми бағамы 6 процентке өсті (7,5-тен 7,95 рубльге дейін).

Перейти к новостям спорта