ТМД және Орталық Азияда референдум өткізіп жатқан бірден-бір елміз – Ерлан Қарин - kaz.caravan.kz
  • $ 481.84
  • 531.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД және Орталық Азияда референдум өткізіп жатқан бірден-бір елміз – Ерлан Қарин

ТМД және Орталық Азияда референдум өткізіп жатқан бірден-бір елміз – Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин АЭС салуға қатысы референдумда елордадағы №164 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады. 

  • 6 Қазан
  • 5
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қарин
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

«Кез келген референдумға маңызды мәселе шығарылады. Бүгінгі референдумдағы АЭС салу мәселесі де өте маңызды. Қабылданған шешімге байланысты еліміздің экономикалық даму бағыты айқындалады. Референдумға шығарылып отырған мәселеден бөлек, референдумды өткізудің өзі де маңызды. Біз ТМД және Орталық Азия елдері бойынша референдум өткізіп жатқан бірден-бір елміз. Мұның өзі көп нәрсені аңғартады, яғни мемлекет пен қоғам арасында жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпалы бар», — деді Ерлан Қарин дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып. 

Айта кетейік, Астанада Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №164 учаскесінде дауыс беру сағат 7:00-де басталды. Аталған учаскеде 2114 дауыс беруші тіркелген. Сонымен қатар 26 байқаушы қатысып отыр, оның ішінде халықаралық байқаушылар да бар. Алғаш болып дауыс берген елорда тұрғынына кішігірім сыйлық берілді.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс береді.

Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров елдің барлық өңірінде Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум басталғанын ресми мәлім етті

Бұған дейін хабарланғанындай, Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласындағы Оқушылар сарайында орналасқан №61 учаскеде дауыс берді.

1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.