ТМД-ға қатысушы елдер өкілдері Минск қаласында ашық білім беру жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД-ға қатысушы елдер өкілдері Минск қаласында ашық білім беру жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылайды

ТМД-ға қатысушы елдер өкілдері Минск қаласында ашық білім беру жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылайды

Бүгін, 22-маусымда Минск қаласында ТМД-ға қатысушы елдердің білім беру жүйесін ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі келісімнің жобасын, ашық білім беру жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктерді құру туралы, сондай-ақ, ТМД-ға қатысушы елдер аумағында қашықтан білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасын келісу жөніндегі сарапшы топтардың отырысы басталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Маусым 2005
  • 912
Фото - Caravan.kz

Сарапшы топтың отырысында келісу үшін ұсынылған құжаттардың жобасын ТМД-ға қатысушы елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы туралы кеңес енгізіп отыр.

ТМД-ға қатысушы елдердің білім беру жүйесін ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі келісімнің жобасы Достастық елдерінің білім беру министрлерінің 2002-жылғы мамыр айында Алматыда өткен ҮІІ конференциясының шешіміне сәйкес жасалған. Кейінірек ТМД-ға қатысушы елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы туралы кеңес келісімнің жобасын мақұлдап, кеңес төрағасына оны РФ білім және ғылым министрлігі жұмыс бабында өңдегеннен кейін үкімет басшылары кеңесінің жиынына енгізуге тапсырма берді.
Ал ашық білім беру жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктерді құру туралы келісім мен ТМД-ға қатысушы елдер аумағында қашықтан білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы Біртұтас жалпы білім беру кеңістігін қалытатастыру тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаға сәйкес жасалған.
Кеңесте келісілетін құжаттардың мәтіні ТМД үкімет басшылары және сыртқы істер министрлері кеңестерінің қарауына ұсынылады. Отырыс 2005-жылдың 24-маусымына дейін созылады.

Перейти к новостям спорта