ТМД-ға қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің отырысында достастықты одан әрі жетілдіру мәселесі басты мәселе ретінде талқыланады - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД-ға қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің отырысында достастықты  одан әрі жетілдіру мәселесі басты мәселе ретінде талқыланады - ҚР СІМ

ТМД-ға қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің отырысында достастықты одан әрі жетілдіру мәселесі басты мәселе ретінде талқыланады - ҚР СІМ

АСТАНА. 16-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін Минск қаласында ТМД-ға қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің отырысы өтеді . Отырыста қаралатын шешуші мәселе - ТМД-ны одан әрі жетілдіру проблемасы болып табылады.

  • 16 Қазан 2006
  • 446
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

«Кездесудің басты мақсаты — мемлекет басшыларының кеңесі отырысының күн тәртібін дәйектеу»,- деді Е.Ашықбаев. Е.Ашықбаевтың айтуынша, «мемлекет басшыларының кеңесінің осының алдындағы отырысында Қазақстан жағы екі маңызды мәселені қарау жөнінде ұсыныс енгізген. Біріншісі — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шілде айында Мәскеуде өткен ТМД-ның бейресми саммиті барысында ұсынған ТМД-ны реформалау бағдарламасының жобасы мен осы құжаттан туындайтын ТМД-ның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар болмақ. Ал екінші бір шешуші мәселе — көші-қон саласында келісілген саясат жүргізу»,- деді ол.

Қазақстан жағының пікірінше, «ТМД аясындағы ынтымақтастықты дамытуда басымдық бес бағытта шоғырлануға тиіс». «Бұл — келісілген көші-қон саясаты, біртұтас транспорттық коммуникацияларды дамыту саласындағы ынтымақтастық, ғылым және білім саласындағы интеграция, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, трансшекаралық қылмыспен күрес»,- деді Е.Ашықбаев.

СІМ өкілінің айтуынша, «аталған бағыттар негізгі екі критерийге сай келеді: ТМД елдерінің басым көпшілігі үшін тартымды әрі перспективалы және тәжірибелік жағынан маңызды».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта