ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдарының жетекшілері аталмыш органдар іс-қызметінің ашықтығы мен жариялылығы туралы Декларация қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
0 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдарының жетекшілері аталмыш органдар іс-қызметінің ашықтығы мен жариялылығы туралы Декларация қабылдады

ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдарының жетекшілері аталмыш органдар іс-қызметінің ашықтығы мен жариялылығы туралы Декларация қабылдады

ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдары жетекшілерінің Ү сессиясы барысында аталмыш құрылымдар іс-қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету туралы Декларация қабылданды. Бұл туралы бүгін, 1-қыркүйекте Қазақстанның республикалық бюджетінің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев хабарлады,- дейді KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2004
  • 629
Фото - Caravan.kz

О.Өксікбаевтың айтуынша, сессия аяқталғанға дейін тағы бірнеше құжатқа, соның ішінде бюджет қаржысының жұмсалу тиімділігін қадағалауды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылады.

Сондай-ақ, ҚР есеп комитеті төрағасының айтуынша, Кеңестің бұған дейінгі сессиясында ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдары іс-қызметінде қолданылатын терминдер тізімі әзірленген. О.Өксікбаевтың хабарлауынша, осы жолғы сессияда аталмыш тізім де қабылдануы мүмкін. Мұндай тізімді қабылдауға түрткі болған басты себеп — соңғы кездері Достастық елдерінің есеп палаталары арасында «бірлескен бақылау шараларын жүзеге асыру тәжірибесі қалыптаса бастауы болмақ». Осындай шараларды «бір арнада тоғыстыру үшін біртұтас терминдер тізімін жасау қажеттігі туындады»,- деді Қазақстанынң есеп комитетінің төрағасы.

Перейти к новостям спорта