ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі демократиялық сайлау, сайлау құқығы мен бостандығы жөніндегі стандарттар туралы Конвенцияға таяу уақыттарда қол қойылады - РФ орталық сайлау комиссиясының төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі демократиялық сайлау, сайлау құқығы мен бостандығы жөніндегі стандарттар туралы Конвенцияға таяу уақыттарда қол қойылады - РФ орталық сайлау комиссиясының төрағасы

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі демократиялық сайлау, сайлау құқығы мен бостандығы жөніндегі стандарттар туралы Конвенцияға таяу уақыттарда қол қойылады - РФ орталық сайлау комиссиясының төрағасы

"ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі демократиялық сайлау, жалпы сайлау құқығы мен бостандығы жөніндегі стандарттар туралы Конвенцияға қол қою мерзімі жақындай түсуде". Бұл туралы 8-маусымда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясының Трансазиялық парламенттік форумында сөз сөйлеген Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Вешняков хабарлады.

  • 8 Маусым 2003
  • 1328
Фото - Caravan.kz

А.Вешняковтың айтуынша, Конвенцияға ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің отырысында Армения, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина президенттері қол қойған. Конвенция оған қол қойған мемлекеттердегі ішкі процедуралардан кейін, дәлірек айтсақ, құжатты тиісті парламенттер бекіткеннен кейін күшіне енеді. Қазір осындай процедуралар Молдова, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанда жүргізілуде. Конвенцияға бірігу мәселелері Әзербайжан, Беларусь және Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарында сарапталуда,- деп мәлімдеді А.Вешняков.

Оның айтуынша, қазір ТМД елдерінің мемлекетаралық сайлау кеңесін құру және оның жұмыс тәртібі туралы мәселе тәжірибе жүзінде қарала бастады. Қатысушы мемлекеттердің сайлау органдарының негізінде Мемлекетаралық сайлау Кеңесін құру туралы мәселе Конвенцияда көрініс тапқан.
Осы орайда А.Вешняков сайлауды демократиялық жолмен өткізу туралы көптеген халықаралық құжаттарда мемлекеттерге қойылатын талап-тақауырдың жарық көргенін ескертті. «Осындай халықаралық нұсқаулардың саяси салмағын, соның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Еуропа Кеңесінің аясында қабылданатын құжаттарды қамти отырып Конвенция түріндегі Халықаралық құқықтық құжат дайындауды ұсынамыз. Жалпы білім беру сипатындағы мұндай құжаттың маңызы зор»,- деді РФ орталық сайлау комиссиясының төрағасы.
«Ал ТМД елдеріндегі демократиялық сайлау стандарттары туралы Конвенцияны қабылдау алғашқы кезекте демократиялық балғын мемлекеттерде демократиялық сайлау принциптерін нақты нығайтуға, сонымен бірге универсалды сайлау стандарттарын нығайтуға септігін тигізер еді»,- деп қорытты өз сөзін А.Вешняков.