ТМД-ны реформалау туралы шешім Қазанда өтетін ТМД саммитінде қабылданады- Н.Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД-ны реформалау туралы шешім Қазанда өтетін ТМД саммитінде қабылданады- Н.Назарбаев

ТМД-ны реформалау туралы шешім Қазанда өтетін ТМД саммитінде қабылданады- Н.Назарбаев

ТМД-ны реформалау және оны оңтайландыру туралы шешім 2005-жылғы тамыз айында Қазанда өтетін ТМД саммитінде қабылданады. Бұл туралы бүгін, 7-маусымда ҚР СІМ-нің кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Маусым 2005
  • 460
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан ТМД-ны реформалауға қатысты ннақты ұсыныстар енгізді. Бұл ұсыныстар көптеген мемлекеттердің пікіріне сай келді. Біздің бастамасыз іске асып, Достастыққа қатысушы елдер қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру қабілетінен айрылып, илігуден қалған осынау халықаралық құрылымды оңтайландыруға шешім қабылдауда»,- деді Н.Назарбаев.

«Реформалардың басты мәні — өзара қарым-қатынаста сақталып қалған көптеген мәселелерді талқылау және шұғыл шешуге қажетті жаңаша ақпарат алмасу арналарын сақтап қалуға саяды. Бұлар бірінші кезекте халықаралық лаңкестік және экстремизммен күрес проблемалары, сондай-ақ, гуманитарлық саладағы ынтымақтастық болмақ».
«Сауда-экономикалық ынтымақтастық пен интеграция саласындағы кейбір міндеттер қазір нақты жұмыс істеп жатқан ЕурАзЭҚ сынды интеграциялық бірлестіктер аясында шешімін тауып жатыр. Біртұтас Экономикалық кеңістіктің де болашағы бар. Сонымен бірге Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымының іс-қызметін қайтадан жаңғыртуға күш-жігер жұмсау қажет»,- деді Қазақстан президенті.

Перейти к новостям спорта