ТМД-ның болашағы өзімізге тікелей байланысты - РФ үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД-ның болашағы өзімізге тікелей байланысты - РФ үкімет басшысы

ТМД-ның болашағы өзімізге тікелей байланысты - РФ үкімет басшысы

ТМД-ның болашағы өзімізге тікелей байланысты. Бүгін, 16-сәуірде ТМД елдері үкімет басшыларының Шолпан-Атадағы бас қосуынан кейін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында РФ үкімет басшысы Михаил Фрадков осындай пікір білдірді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Сәуiр 2004
  • 639
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «ТМД елдерінің барлығы да өзара ықпалдастықтың тиімділігін арттыруға мүдделі». «Өзара интеграциялану арқылы өзара ықпалдастық саласында ең жоғары тиімділікке қол жеткізуге бар күшімізді салатын боламыз»,- деді М.Фрадков. Оның айтуынша, ТМД елдері үкімет басшыларының кеңесіне РФ үкімет басшысы ретінде қатыса отырып «өзара ынтымақтастыққа деген құлшыныс» пен «оңды ықылас-ниетке» алғаш рет куәгер болған.

Қазақстан үкімет басшысы Даниал Ахметов та осындай әрбір бас қосу ТМД елдерін тіптен жақындастырып, «қазіргіден де ауқымды бірлестікке» жұмылдырады деп атап өтті. Дейтұрғанмен, республика үкімет басшысының пікірінше, «Біртұтас экономикалық кеңістік пен ТМД аясындағы жұмыстар алға жылжуды, ілгерілеушілікті талап етеді». Осындай тың қадамдар ретінде Д.Ахметов болашақта талқыланатын Біртұтас экономикалық кеңістік пен ТМД аясындағы бәсекелестік артықшылыққа қатысты талқылауларды атады. Бұл ниеттес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты дамытуға түрткі болуы тиіс.
Грузия үкімет басшысы Зураб Жванияның пікірінше, «ТМД ауқымды әлеуетке ие. Осы әлеуетті Грузия өз мүддесіне және жалпы ТМД мүддесіне тиімді пайдалануға құлықты. Жалпы, Грузия ТМД аясындағы ықпалдастықтың қарқынын арттыра түсуге айрықша мүдделі».
Сондай-ақ, ТМД аясында еркін сауда аймағын құру мәселесіне тоқталған Украина үкімет басшысы Виктор Янукович талқыланған мәселелердің басым көпшілігі бойынша өзара «қарама-қайшылықтың жоқтығын» атап өтті. «Баға саясатына қатысты бірлі-жарым мәселенің ғана басы ашық күйінде қалды. Бірақ олар таяу уақыттарда шешіледі»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар