ТМД-ның болашақ мақсаты - өзара экономикалық интеграциялану болмақ - ТМД Атқарушы хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД-ның болашақ мақсаты -  өзара экономикалық интеграциялану болмақ - ТМД Атқарушы хатшысы

ТМД-ның болашақ мақсаты - өзара экономикалық интеграциялану болмақ - ТМД Атқарушы хатшысы

ТМД-ның болашақ мақсаты - өзара экономикалық интеграциялану болмақ. Бүгін, 25-тамызда ТМД Атқару комитетінің төрағасы, атқарушы хатшы Владимир Рушайло Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2004
  • 9811
Фото - Caravan.kz

Кездесуде Қазақстан мемлекет басшысына ТМД елдеріне жасаған сапарының қорытындысы, ТМД президенттері , үкімет басшылары мен сыртқы істер министрлерімен кездесулерінің нәтижесі туралы есеп бердім, деп хабарлады В.Рушайло.

Сондай-ақ, ол Н.Назарбаевқа ТМД Атқару комитетінің таяу уақыттағы жоспары туралы, соның ішінде қыркүйек айының ортасында Астанада өтетін ТМД саммитіне дайындық жұмыстары туралы мәлімет берді. Саммит шеңберінде ТМД президенттері, үкімет басшылары мен сыртқы істр министрлері кеңестерінің отырысы өтеді. «Қазір біз осы саммит материалдарын дайындау үстіндеміз»,- деді ТМД Атқарушы хатшысы. Сондай-ақ, ол Қазақстан мемлекет басшысына бас қосуда талқыланатын жекелеген мәселелер туралы таныстырды. Дегенмен, әзірге тек құжаттардың жобасы ғана жасалып, онымен мемлекет басшылары танысып жатқандықтан, болашақ кездесудің нақты тақырыптары туралы ашып ештеңе айтпады. «Кездесуге арқау болатын басты тақырыптар соңыра таныстырылады»,- деді ол.
В.Рушайлоның пайымдауынша, бүгінде ТМД аясындағы басымдық берілетін мақсат-міндеттерді, соның ішінде экономика саласындағы интеграциялық процесстерді айқындаудың маңызы зор. «Достатыққа біріккен әрбір ел бірлескен іс-әрекеттерден мүдделі болуы тиіс. Мемлекет басшыларының біздің алдымызға қойып отырған міндеті де осы»,- деді ТМД Атқару комитетінің төрағасы.

Перейти к новостям спорта