ТМК-дегі еңбекақының салалық ең төменгі коэффициенті 1,7 мөлшерде бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМК-дегі еңбекақының салалық ең төменгі коэффициенті 1,7 мөлшерде бекітілді

ТМК-дегі еңбекақының салалық ең төменгі коэффициенті 1,7 мөлшерде бекітілді

Тау-металлургиялық кешен (ТМК) жұмысшыларының ең төменгі жалақы мөлшерін көтере есептеу үшін қолданатын салалық коэффициент 1,7 мөлшерінде бекітілді. Бұл туралы ТМК сала кәсіподағының орталығынан кәсіподақ төрағасы Асылбек Нұрәлин хабарлады.

  • 31 Мамыр 2011
  • 472
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, мұндай шешім еңбек ұжымында, сарапшылар кеңесінде талқыланған соң, сондай-ақ жұмыс берушілермен және ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ), индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің (ИЖТМ) өкілдерімен консультация жүргізген соң қабылданды.

ИЖТМ мәліметтерінше ТМК жұмысшылар кәсіподағы мен тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының қауымдастығы (ТКМКҚ) арасында тиісті келісімге толықтыруларға қол қойылды.

Бұл келісімшарттың өте байыппен жасалғандығын ТКМКҚ төрағасы Николай Родостовец те атап өтті.

Ол ТМК кешен дамуының мәліметтерін келтірді: Индустрияландыру картасы бойынша дайындалған 43 инновациялық жобалардан Т305 млрд сомаға 23 жаңа өндіріс іске қосылып, жаңадан 9 500 жұмыс орны ашылды.

ИЖТМ мәліметтерінше, аталған секторда түскен салық 2008-ші жылы – Т30,7 млрд, 2009-шы жылы – Т89,4 млрд, 2010-шы жылы – Т131,9 млрд болыпты.

Еске салсақ, үшжақты салалық 2011-2013-ші жылдарға арналған келісімге қаңтарда қол қойылған. Көтеру коэффициенті 1,6 мөлшерінде бекітілген.

Соңғы жаңалықтар