ТМРА экс-басшысы М. Оспанов 1,1 млрд. теңге айыппұл төледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМРА экс-басшысы М. Оспанов 1,1 млрд. теңге айыппұл төледі

ТМРА экс-басшысы М. Оспанов 1,1 млрд. теңге айыппұл төледі

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-басшысы Мұрат Оспанов 1 млрд. 101 млн. 60 мың теңге көлемінде айыппұл төледі,

  • 14 Қазан 2015
  • 390
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

«2015 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша сотталған  М. Оспанов  мемлекеттің пайдасына айыппұлдың толық сомасын төледі. Осылайша  Оспанов негізгі жазасын толық өтеді»,- делінген хабарламада.

2015 жылы 12 қазанда   сотталушы М.Оспановқа қатысты  атқару өндірісі тоқтатылды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылы 13 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Мұрат Оспанов сотталды. Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жөніндегі жүргізіліп жатқан мемлекет саясатына сәйкес М.Оспановқа  1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге көлемінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды.  

Сонымен қатар сот М. Оспановқа тиесілі мүлікті тәркіледі, сондай-ақ кассациялық сот коллегиясы оған қатысты  үкімнің қосымша жазасы бөлігін өзгертті. Атап айтқанда, кассациялық соттың шешімімен ол 7 жылға мемлекеттік қызметті атқару және жергілікті өзін өзі басқару органдарында қызмет атқару құқықтарынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар