ТМРА «Қазақстан темір жолы» үшін жаңа тарифтер бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМРА «Қазақстан темір жолы» үшін жаңа тарифтер бекітті

ТМРА «Қазақстан темір жолы» үшін жаңа тарифтер бекітті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті

  • 27 Қараша 2015
  • 647
Фото - Caravan.kz

«Казақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне тарифтер бекітуге арналған өтінімін қарады, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен. 

Өтінімді қарау нәтижелері бойынша осы көрсетілетін қызметтердің тарифтері келесі жылға мәлімделген   22,8 % және 2017-2020 жылдарға 7 % орнына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап және жыл сайын (2020 жылға дейін) орташа  есеппен  4 пайызға ұлғаяды.

ҚТЖ мәлімдеген тариф жария тыңдауларда талқыланды. Сондай-ақ бизнес қауымдастықпен бірлесіп талқылау өткізілді. Нәтижесінде  4 пайыздық деңгейінде (орташа есеппен) бекітілген өсу «Республикалық  тау-кен және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы» ЗТБ және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдады.  

Тарифтерді өзгертудің негізгі себебі  608,6 млрд. теңге  мөлшеріндегі сомада 5 жылдық инвестициялық бағдарламаны іске асыру болды. Осылайша ҚТЖ жаңа тарифі ең алдымен өз қызметтерін үздіксіз және қауіпсіз көрсету үшін жаңа құралдарды салуға және жаңғыртуға   инвестицияларды көздейді. 5 жыл ішінде мынадай іс-шаралар іске асырылады:


жолдың үстіңгі құрылысын күрделі жөндеу;

Алматы-Шу  учаскесінде екінші жолдардың  және Астана қаласындағы  жаңа  темір жол вокзалының бірінші кезектегі құрылысы; тартымдық шағын стансаларды жаңғырту;

Стансаларды жаңғырту, разъездердің, қосымша парктің  құрылысы;

Поездар қозғалысын аралық реттеу жүйелерін салу, ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс желісі) және басқалар.

Соңғы жаңалықтар