Төбелестен кейін Үндістанның алпыс бір азаматы Қазақстаннан шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төбелестен кейін Үндістанның алпыс бір азаматы Қазақстаннан шығарылады

Төбелестен кейін Үндістанның алпыс бір азаматы Қазақстаннан шығарылады

Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінің жұмысшыларына арналған жатақханада болған төбелестен кейін алпыстан астам үнді азаматтары Қазақстаннан кетеді, деп хабарланды елорда әкімінің сайтында. 

  • 8 Қыркүйек 2017
  • 320
Фото - Caravan.kz

Астана қаласы басшылығының Қазақстандағы БАӘ елшісі және Arabtec Holding PJSC ("Абу-Даби Плаза" кешенінің бас мердігері) компаниясы басшылығымен кездесуі болды. 

Кездесу барысында қарастырылған басты мәселе, жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасында болған жанжал болды. 

Arabtec Holding PJSC компаниясының басшылығы, таяу күндері 61 шетелдік жұмысылар (Үндістан азаматтары) "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, елден кетеді, оған қоса бастапқы кезде 23 адам – бір тәулік ішінде елден кетуге тиісті болады. 

"Әңгіме барысында қала басшылығы мұндай жағдайдың келесіде қайталануына жағдай тудырмай, шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасы заңнамасын, моральдық-этикалық тәртіп ережелерін сақтау, сонымен қатар қазақстандық халықтардың дәстүрін құрметтеуді талап етілді", — делінген хабарламада.

2 қыркүйек күні кешке "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңының бақылау-өткізу пунктінде күзет компаниясының қызметкерлері мен шетелдік жұмысшылар, Үндістан азаматтары арасында жанжал орын алды. Жаппай төбелестің салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Төбелестің болғаны туралы ақпарат таралған соң, оқиға орнына адамдар жиналып, құқық қорғаушылар көшелерді жауып, арнайы жасақ шақыруға тиіс болды.