"Төбелесті видеоға түсіргендер де жазалануы керек": Түсіпбаева құрбысын ұрған хиджабтағы қыздарға қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Төбелесті видеоға түсіргендер де жазалануы керек": Түсіпбаева құрбысын ұрған хиджабтағы қыздарға қатысты пікір білдірді

"Төбелесті видеоға түсіргендер де жазалануы керек": Түсіпбаева құрбысын ұрған хиджабтағы қыздарға қатысты пікір білдірді

Қазақстандық әнші Меруерт Түсіпбаева сыныптасын соққыға жыққан хиджабтағы қыздарға қатысты пікір білдірді. Ол дін жолындағы қыздардың әрекетін қатаң сынға алды.

  • 22 Қыркүйек 2020
  • 524
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz порталы хабарлады.

Әнші әлеуметтік желіде  "қыздардың кешірімді шын көңілмен сұрап тұрғанына күмәні бар" деді және төбелесті видеоға түсіргендер де жазалануы керек екенін айтты. 

 "Ертең қалай, қандай ана болмақ? Қалай ұрпақ өсіріп, тәрбиелемек?! Ұрып- соғып алып, іс насырға шапқан соң, шу шыққан соң, ата-аналарына штраф салғызатын болған соң ғана, кешірім сұрап , қорқып жылап тұр. Осы қатыгездікті міз бақпай, видеоға түсіргендер де- жазасын алуға тиісті! Кешірім сұрауға келгенде, анау ұрған қыз, орамал тағып, хиджаб киіп алыпты?! Шын мәнінде қателіктерін түсініп, енді олай жасамайтындарына сенімім аз. Қалай ойлайсыздар" , — деп жазды Меруерт Түсіпбаева. 

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақтөбеде хиджаб киген оқушы қыздың  сыныптасын т
аяққа жыққаны туралы видео
тараған болатын. Кейін қыздар осы қылығы үшін кешірім сұрады

Соңғы жаңалықтар