Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Оның сөзінше бұл жаңалық мұғалімдер қауымының көптен күткен жаңалығы болған.
«Президентке рахмет, мына тест деген бәле болған еді. Жауаптары бір-біріне өте ұқсас болатын. Оқығанда жауапты табу қиын болатын. Сол ОЗБ-ға қаншама есіл ақша кетті. Қаншама мұғалім категорияларын ала алмады. Кейде жауып тастайды, тіркеліп те үлгермейсің.
Сондықтан тестілеуді алып тастағандарыңыз үшін, мың да бір рахмет. Төбеміз көкке жетіп, қуанып жатырмыз», — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен алынып тастағанын мәлімдеген еді. Аталған жаңалық ұстаздар тарапынан жоғары бағаланып, көпшілік бастаманы қуана қабылдап жатыр.