Онда Қазақстан чемпионатының биылғы жеңімпазы «В» тобында Өзбекстанның «Бунёдкор» (Ташкент), Латвияның «Сконто» (Рига), Арменияның «Мика» (Ереван) клубтарымен ойнайды. Онда Қостанайдың «Тобылы» 15 қаңтарда «Бунёдкормен», 16 қаңтарда «Микамен,» 18-і күні «Сконтамен» кездеседі.
Қазақстандықтар бұл байрақты бәсекеге әзірлікті Түркияда өткізбек. Алғашқы оқу-жаттығу жиыны Анталияда 19 желтоқсанда басталды. Бас бапкер Равиль Сабитов оған 20 футболшыны байқауға шақырған болатын. Бүгін олар алғашқы жиынды аяқтайды. Келесі басқосу мұнда 5 қаңтарда басталады деп жоспарланып отыр.