“Тобыл” екінші іріктеу раунды аясында “Слованнан ” ұтылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Тобыл”  екінші іріктеу раунды аясында  “Слованнан ” ұтылып қалды

“Тобыл” екінші іріктеу раунды аясында “Слованнан ” ұтылып қалды

Қостанайдың ТобылыЕуропа  чемпиондар лигасының екінші іріктеу раунды аясында  СловакияныңСлованклубынан ұтылып қалды.

  • 14 Шiлде 2011
  • 493
Фото - Caravan.kz

Братиславадағы матч 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Екі клуб арасындағы қарымта матч бір аптадан соң Қостанайда өтеді. 

 Біркүндік демалыстан кейін жарыс жолына қайта оралған велокеруен   көпкүндік супержарыс  “Тур де Франстың” тағы бір кезеңін артқа тастады. Спринтерлер үшін  қолайлы болған бүгінгі додада мәреге төніп келген көптің ішінен суырылып алға шыққан  неміс велошабандозы Андре Грайпель топ жарды.

Велоспорт әлеміндегі ең шоқтығы биік көпкүндік веложарыс “Тур де Франс ” биыл ешкімді аяйтын түрі жоқ.  Айналдырған бір жетінің ішінде «менмін»деген небір дүлдүлдер веломарафонмен қоштасуға мәжбүр болды.  Қырсық шалғанда  отандық велоклуб “Астананың” лидері  Александр Винокуров та  жарыстан қол үзді. Жамбасынан жарақат алған жерлесіміз ендігі жерде  үш ай бойы емделетін болады. Бірақ жарыстың мұнымен тоқтамайтыны рас. Бір күн демдерін басқан велошабандоздар сейсенбі күні  158 шақырымдық жарыс жолына аттанды. Көмбеден  шыққан бойда пелотонды  артқа тастап шыққан алты велошабандоз  реті келсе ұзап кетуге барын салып бақты. Оларға ілескен “Астананың” өкілі  Реми Ди Грегорио  да шама-шарқынша белсенділік танытқанымен,пелотон  қашқындарды алысқа жібермеді. Алға кеткендерді  бүгінгі жарыс жолындағы соңғы белеске жеткізбей қуып жеткен үлкен топ, сол екі арада тағы бірнеше велошабандоздан көз жазып қала берді.  Суырылып алға шыққан бұл топ   үстіне сары жейде киген биылғы тур лидері Томас Фоклер және Филипп Жильбер , Тони Мартин, Дрис Девенейс, Тони Галлопен секілді мықтылардан құралған болып шықты. Сары жейделі Томас Фоклер бастаған қашқындарды  бары-жоғы 15 секундқа босатқан пелотон, әне-міне дегенше,оларды да жұтып қойды. Не керек,  көпшілік күткендей бүгінгі  кезеңнің тағдыры  спринтерлердің  еншісінде қалды.  Бұл жолы үзеңгі қағыса жарысқан  көптің арасынан  бағы жанған неміс Андре Грайфель  мәре сызығын бірінші кессе,  ағылшын Марк Кавендиш екінші орынды місе  тұтты.  Ал   жалпы есептегі тізімде испаниялық Луис Леон Санчестен 1 минут 49 секундқа озып тұрған  француз Томас Фоклер көш бастап келеді.    


 «Велес Сарсфилд» клубының жартылай қорғаушысы Рикардо Альварес ендігі кезекте
миландық «Интердің» намысын қорғайды.  Аргентиналық ойыншы  «Интер» үшін   12 миллион евроға түсіп отыр.

23 жастағы футболшы жаңа клубымен  бес жылдық келісім шартқа қол қойды. Естеріңізге сале кетсек, жас талантқа сондай ақ лондондық  «Арсенал»қызығушылық білдірген. Алайда Рикардо «Интерді» таңдапты. Альварес «Велес Сарсфилдтің» сапында үш маусым өнер көрсетіп, 42 ойында  бес  гол соққан. Сонымен қатар 2009 жылы «Сарсфилд» құрамында Аргентина чемпионы атанды.  

 Еуропаның таңдаулы клубтары маусым аралық үзілісті барынша ұтымды пайдалануға тырысуда.

Лондондық «Арсенал» осы күндері  Малайзия  астанасы Куала-Лампурде дайындықтарын пысықтап жатыр. Жергілікті жанкүйерлер даңқты футболшыларды өз көздерімен көргендеріне дән риза. Бүгін түнде Малайзия құрамасымен кездесетін канонирлардың, Азиядағы  сапары Қытайда жалғасады. Шығыс Азиядағы турнеден соң “Арсеналды” «Эмирейтс» кубогы күтіп тұр.  Клубтың бас жаттықтырушысы Арсен Венгер осы тур барысында  жастар мен жаңадан келген ойыншыларды сынап көрмек.    

23 шілде күні  британиялық  Амир Хан мен америкалық Заб Джуда  біріктірілген  чемпиондық атақ үшін қолғап түйістіреді.  Жартылай орта салмақ дәржесіндегі әлем чемпиондары арасындағы жекпе-жек Лас–Вегаста өтеді. 

Он жеті жасында Афины олимпидасының күміс жүлдесін иемденген Амир Хан  алдағы матчты  үлкен жеңіске жол ашатын  баспалдақ деп есептейді.   Осыдан екі жыл бұрын Дүниежүзілік бокс қауымдастығы тұжырымының чемпиондық атағын жеңіп алған  24жастағы  Амир  Хан,   Заб Джуданы ұтқан соң кәсіпқой бокстың екі тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Тимоти Брэдлимен кездесуді аңсайды. 

 

Соңғы жаңалықтар