"Тобыл" футбол кубогы алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тобыл" футбол кубогы алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

"Тобыл" футбол кубогы алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Бүгін Анталияда алдағы футбол маусымына дайындалып жатқан Қостанайдың "Тобылы" алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады.

  • 27 Желтоқсан 2010
  • 574
Фото - Caravan.kz

Ол 19 желтоқсаенда басталған еді. Равиль Сабитов жаттықтыратын қостанайлықтар 21-і күні алғашқы жолдастық кездесуінде Подольсканың «Витязь» клубынан 0:2 есебімен ұтылды. Келесі күні Набережный Челновтың «КАМАЗ» (Ресей) клубын 2:1, 24-інде» Түркияның «Тепотспор» командасын 12:2 есебімен ұтып, 25-інде тағы бір ресейлік клуб «Факелмен» (Воронеж) 1:1 есебімен тең түсті.

Қазақстан чемпионы Түркиядағы екінші жиынын енді 5 қаңтарда бастайды. Футболшылар онда өз әзірлігін жасанды алаңда пысықтамақ. Олар жаңа маусымға дайындықты алғашқы жиында табиғи алаңда өткізген болатын. Онда клуб басшылығымен байқауға шақырылған 20 футболшының арасынан алғашқы боп «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Александр Петухов пен Астананың «Локомотив» футбол клубының легионері Владе Лазаревскимен келісім-шарт жасасты. Алдағы уақытта олардың саны тағы толыға түседі деп жоспарланып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера