Тоғызқұмалақшылар «Домалақ ана» жүлдесін сарапқа салады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоғызқұмалақшылар  «Домалақ ана» жүлдесін сарапқа салады

Тоғызқұмалақшылар «Домалақ ана» жүлдесін сарапқа салады

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында тоғызқұмалақтан Қадырбек Сапарбековті еске алуға арналған және «Домалақ ана» атындағы жүлде үшін ХV республикалық жасөспірімдер мен жастар арасындағы командалық һәм жекелей ашық турнирі өтуде.

  • 12 Сәуiр 2013
  • 443
Фото - Caravan.kz

9 сәуір күні басталған турнир аптаның аяғына дейін жалғасын таппақ. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Ұлттық спортты ұлықтауға арналған жарысқа Оңтүстік Қазақстан облысынан өзге Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау өңірлерінен командалар қатысуда. Сайысты өткізудегі негізгі мақсат — ұлттық спортымыз саналатын тоғызқұмалақты насихаттап оның дамуына үлес қосу.

«Жарыстың «Домалақ ана» атында өтуінің өзіндік мәні бар. Өйткені, қазақ үшін Домалақ ананың алар орны ерекше. Кезінде әкем Қадырбек Сапарбеков ең алғашқы рет осы жарысты өткізуді қолға алған болатын. Әкеміздің осы игі бастамасын аясыз қалдырмайық деп бүгінгі турнирді кең көлемде атап өтуді жөн көрдік. Осы ретте жарысты ұйымдастыруға қол ұшын берген облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасына, сондай-ақ Нұрлан Айтмұрзаев басқаратын облыстық №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне алғысымды білдіремін», — дейді шараны ұйымдастырушы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жаттықтырушы Салтанат Сапарбекова.

Саналы ғұмырын жастарды тоғызқұмалаққа баулумен өткізген Қадырбек Сапарбеков Қазақстан чемпиондарын және 50-ге жуық спорт шеберлері мен үміткерлерін даярлады. Оның тоғызқұмалақ туралы жазған ғылыми-танымдық мақалалары республикалық «Спорт.кз», облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Оңтүстік спорт», «Шымкент келбеті» газеттерінде жарық көрген болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера