Депутаттың бұл ойы халықтың ашуына тиді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұған журналист Сәуле Әбілдаханқызы қатты жауап берді.
«Өзінің атын ауыстырса болады, ешкім қарсы болмайды. Мыңжылдық тарихи атауы бар «тоғызқұмалаққа» тиіспесін, халық құмалақ тергізіп жібереді.
Күйгенде осы орыстілді, русжанды, не тіл білмейтін, не тарих білмейтін, өз ұлтының мәдениетін апарып көрге көме салатын мәңгүрттерден күйдік қой.
Өзгерткіш болса, Петропавл, Павлодардан бастасын, немесе өз аты-жөнін өзгертсін — гүлат ұрымова деп.
«Атың шықпаса, жер өрте» дегендей, бірдеңе дей салғысы келген ғой. Мұндай депутат барын да білмейтін едік, енді білетін болдық,- деп күйінді ол.
Ғалымдар, этнографтар және зерттеушілердің пікірі бойынша, 19 ғасырда бұл ойынның жалпытүркілік атауы «Тоғызат» деп аталған.
«Тоғызқұмалақтың атауы әуелден «Тоғызат» екенін білдіретін ойын тақтасындағы қазақша, қырғызша, қарақалпақша, ноғайша атауы да көрсетіледі. Бүгінде қазақ, қырғыз халықтары сақтап, дамытып келген көшпенділердің түркілік этно-мәдени ойыны спортқа ғана емес, адамзаттық құндылыққа айналып отыр. Алайда асыл спорттың одан әрі кең таралуына бөгет болып отырған кедергіні ескере отырып, алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дейін жалпытүркілік бұл зияткерлік спорттың атауын ортақ нұсқамен «Тоғызат» атауын қалпына келтіру шараларын қолға алуымыз қажет. Бұл спорттың алға басуына жол ашып, әлемдік назар аудартатын еліміздің лайықты бренді болары күмәнсіз», – депті депутат Нұрымова.