Тоһа шалдың қолын сүйіп, табынып кетті. Биыл діни саналы қазақтың ойы бұзылды - Ораз Әлімбеков - kaz.caravan.kz
  • $ 475.09
  • 551.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоһа шалдың қолын сүйіп, табынып кетті. Биыл діни саналы қазақтың ойы бұзылды - Ораз Әлімбеков

Тоһа шалдың қолын сүйіп, табынып кетті. Биыл діни саналы қазақтың ойы бұзылды - Ораз Әлімбеков

Қазақтар өзге елден келгендерді қадірлеуді "элита" санай ма?

  • 31 Мамыр 2024
  • 47
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Ораз Әлімбековтің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, 2024 жылды Түрікмендерге табынған жыл-мыс.

«2024 -Түркімендерге табынған жыл

Биыл діни саналы қазақтың ойы бұзылды. Ала көктемде «Ясауи тариқатының пірімін» деп ауғандық түркімен Ихсануллаһ Ахрардың мүбәрәк жүзін көріп едік. Оның жарнамашылары ғасырлар қойнауында ұмытылып кеткен «Ахмет Ясауидің жария зікірін (ара зікірін) осы ғана біледі, осы ғана сақтаған» деді. «Ясауи тариқатының тақсыр жібі үзілмеген, тариқаттың нағыз пірі – Ихсануллаһ» деп қабылдады бұ қазақ. Тура сол сияқты Ауғанстанның қазағын, кейін атажұртқа ауып келген қазақты – Исматулла тақсырды «самозванец пір» деп, құйрығына шылдырмақ іліп жарамсыз қылып тастады. Ихсануллаһтың Ясауи тариқатының силсиласы үзілмеген нағыз пірі екенін дәлелдейтін шатырхат Түркиядан табылып, діни саналы қазақ тағы да көзайым болған.

Шымкенттегі «Сейітжан қари» атындағы мешіттің ашылу салтанатына келген Тоһа (Таһа) шал да Сирия жерінен шыққан меккелік түркімен екен. Башар Асад билігінің бітіспес оппозициясы саналатын сириялық түркімендерді Түркия қолдайды. Қарап отырсақ, түркімен Ихсануллаһ та, түркімен Тоһа шал да Түркиямен ішік бауы байланысып жатыр.

«Түркіменмін» десе де, сөз тыңдамайтын дегбірсіз бұ қазақ мамандығы писарь Тоһа шалдың қолын сүйіп, табынып кетті. Діни саналы қазақтың сезім пернесінде барынша ойнап қалуды көздеген дінкештер «тоқсандағы Тоһа шал түркімен емес, нағыз қазақ, пәленбайыншы атасы Түркістанның түбінде жерленіпті» деп жатыр. Бұл да ауғандық түркімен Ихсануллаһтың нағыз пір екенін дәлелдейтін шатырхат (ижаза) сияқты бірдеңе ғой – бәрінің түбі шикі, саусақтан сорып әдейі жасалған фактісі жоқ аңыз-әпсана ғана. Одан да Ихсануллаһ пір мен писарь Тоһа шалдың жарнамашылары көкейіндегі құпиясын ашып айта салмай ма?!. «Ихсануллаһ та, Тоһа шал да түркіменнің ішіндегі қожа» деп. Бірақ, қазақтың ішіндегі қожаларды «қазақ» деп қабылдаған бұ қара қазақ түркіменнің ішінде жүрген қожаларды «қазақ» деп қабылдай ма екен?!. Гәп – осында! Қазақтың ішіндегі қожалар өзін «қазақпын» деп ойлай ма? Әлде олар өздерін «қазақ қоғамындағы ұлттан жоғары тұратын «элита» санай ма? Егер дәл осылай болса, онда бұл үлкен проблема», деп жазды.

«Оттамасын! Соны да пір тұтып қолын жалап , әңгіме қылып жүргендерді — санасы сау адам деудің өзі артық!», «Мүфтиятқа бағынбай басқа секта ашпақ па сонда», «Мыналар елді плотно пір табындырып пұтшылдыққа әкеледі», деп жазды оқырмандар.

Осман Тоһа кім?

Әлемге танымал саудиялық каллиграф, шейх Осман Тоһә Қазақстанға келді. Желіде шейхпен кездескен жұрт оның қолын сүйіп жатқан видеосы тарады. Бұл кісі кім және оның қазаққа қандай қатысы бар?

Құранды қолмен 3 жыл бойы жазған Шейх Осман Тоһә қазақ екені рас па? 

«Құрандағы Аяттардың санын ол өз қолымен жазған. Бәрі — осы кісінің еңбегі. Бұл кісінің дәрежесіне жеткен адам жоқ. Өткенде Меккеде Айт күні аль-Харам мешітің директоры бұл кісіні үйге шақырды. Сонда барлық имам бұл кісінің қолын сүюге кезекке тұрды. Сол кезде шейх бұл кісінің мүбәрәк қолын 4 рет сүйіп, «Осман Тоһә — Құранға қолы қалған адам, Құран қанша рет оқылса, соның сауабы осы кісіге барады, сондықтан оның қолын сүйіп қалу керек» деген. Сондықтан қазақ атамыздың қолын ұстап, сүйіп жатырмыз. Сауд Арабияның туындағы жазуды да жазған», — дейді философия ғылымдарының докторы Амангелді Әбдіхалық. 

Ислам әлемінде Осман Тоһә Құран Кәрімнің әйгілі каллиграф ретінде танымал. Ол өзінің алғашқы мусхафын (Құранның жазбаша нұсқасын — еск.) 1970 жылы Сириядағы Вакф министрлігі кезінде жазған.

Шейх 1934 жылы Әл-Баб провинциясында (Алеппо, Сирия — еск.) дүниеге келген. Оның әкесі шейх Абдо ибн Хусейн Тоһә мешіттің имамы әрі уағызшысы болған. Каллиграфқа бұл шеберлік әкесіне дарыған. 

Осман Тоһә — этникалық қазақ, оның ата-тегі Түркістаннан. Османның ата-бабалары осыдан 150 жыл бұрын Сирияға қоныс аударған. Кейіннен Сауд Арабиясы билігінің шақыруымен Османның отбасы Сауд Арабиясына көшіп кеткен, қазір ол Мәдина қаласында тұрады. 

Ашық дереккөздегі мәлімет бойынша, ол Алеппо қаласындағы бастауыш, орта және орта мектепте әл-Хосравияның шариғат факультетінде оқыған. Осы кезеңде ол Алеппо қаласындағы каллиграфия шейхтарынан, соның ішінде: Мұхаммед Әли әл-Мәулауи, Мұхаммед әл-Хатиб, Хусейн Хусни ат-Түрки, Абдулла Джавад әл-Хаттат және ең соңында каллиграф Ибрахим әл-Рифаиден дәріс алды.

1964 жылы Дамаск университетінде ислам құқығы бакалавры дәрежесін алып, 1965 жылы Дамаск университетінің білім факультетінің жалпы дипломын алды. 

Мусхаф жазу өнері 

Қазір аса құрметті Осман Тоһә Сауд Арабиясының королі Фахд кешеніне Құран Кәрімнің 14 данасын жеке өзі көшіріп жазған, оны жазуға 18 жылдан аса уақыт кеткен.

Осы кезеңде дүние жүзінде 500 миллионнан аса Құран данасы басылып шықты.

Бір мусхаф жазуға 3 жыл, ал қателерді тексеріп, түзетуге 1 жыл уақыт беріледі. Шейх Осман Тоһә Мединадағы Король Фахд кешенінде 30 жыл жұмыс істеген уақытында 10-нан аса мусхаф жазған. Оның әдемі, түсінікті, оқуға оңай стилі көшірме жасау үшін қолданылады және «Мусхаф әт-Тәжуид» деген атпен белгілі.