Той-думанның заманы өтетін кез де алыс емес - kaz.caravan.kz
  • $ 452.92
  • 484.99
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Той-думанның заманы өтетін кез де алыс емес

Той-думанның заманы өтетін кез де алыс емес

Тойхананы фабрикаға айналдырған қазақ көпшілікті тамсандырды.

  • 14 Маусым
  • 219
Фото: facebook.com/mukan.shynggys

MAZMUNDAMA электронды кітаптар кітапханасының белді өкілі Шыңғыс Мұқан адам сүйсінерлік жазба жариялапты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

«Қызылордада қайнағам бар. 8 жылдан бері машақаты көп текстиль саласының жібін иіріп жүр. Dalatex компаниясына әрісі – Қытай мен Түркия, берісі – қырғыз-өзбекпен бәсекелесу тіпті оңай емес. Оның үстіне мемлекет текстиль саласын мүлде қорғамайды. Ерінбегеннің бәрі шеттен киім-кешек әкеліп сатады. Айтпағым, Димон (қайнағасы) – біз солай атаймыз дейді автор) бір тойхананы текстиль фабрикасына айналдырды»,- деп сүйіншілеген автор ойын былай түйіндейді: «қазақ үшін той-думан мен ырду-дырдудың заманы бітетін кез де алыс емес сияқты.»

Қаржылық сауат арнасы бұндай бастаманы әсте қолдайды. Қазақтың қалтасына (несие арқылы) салмақ салып жатқан той деген шараның сәні де, мәні де кете бастаған сияқты. Арзан шоу, әдепсіз ойын, қылықсыз асаба, фонограммаға шашылған миллиондар – халықты расында да ырду-дырдудан ажыратар емес. Тойхананы фабрикаға айналдыра алған азаматтың ісі көп қазаққа жұғысты болсын.

Той демекші, былтыр отандық журналистер тойға кредит беруге тыйым салынсын деген бастаманы да көтерген еді. Бірақ екінші деңгейлі банктердің ісін реттеуші ұйымдар несиенің қандай да бір түрін беруге тыйым сала алмаймыз деген позициясын ашық айтты.

Соңғы жаңалықтар