Ол халық әлі де дарақы тойға әуес екенін, әсіресе бұл оңтүстік өңірлерде кеңінен таралғанан атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөлісті.
“Коронавирус кезінде той жоқ еді, сол кезде рахат болып қалған” деген сыңайдағы әңгімелер естіген едім. Қазір түк болмағандай жүрміз ғой. Ауыл адамдары “тойдан әбден шаршадық, айына 6-7 рет тойға барамыз кемінде” дейді. Біреу бізді қинап жатыр ма? Той жасамасақ, жасаған тойға бармасақ болмай ма? Өз өзімізді зорлағанды қатты жақсы көреміз ау шамасы.
Ұшақ 1 сағат кешіксе боғымызды пышақтаймыз. Ал өзіміз тойға 2 сағат кешігіп келеміз. Тойханалардың көбісінің иелері өзге ұлт өкілдері. Қазақтың тойы бітпесін деп қазақтың шашып-төккен ақшасын санап (жинап) алып жатады.
Такси жүргізушілеріне ИП ашыңдар, салық төлеңдер деп талап қояды. Ал тойхана иелеріне олай айта алмайтын сияқты. Тойларға ақшаны нал болмаса “каспи перевод” арқылы қабылдайды. Тойхананың көбі “міне счет на оплату осыған жібере сал” дей қоймас. Коронавирус кезінде біраз тойхананы мектепке айналдырған еді. Енді олар да ештеңе болмағандай жұмыс жасауда. Оңтүстікте кез келген ауылдағы ең әсем ғимарат тойхана болған-ды.
30 жыл ішінде тойдың форматы ауысқан жоқ. Сол баяғы шалдар бата жасап тойды ашады. 3-4 биші билейді. Қонақтар билейді. 2-3 сағатта бітеді. Дастарханның 90 пайызы желінбейді. Үйлеріне салып алып кетеді. Болды сонымен. Бара бара тойдың түрі де көбейіп жатыр. Қазір қыздың бәрін ұзатып шығарады. Өлім жітім, жетісі, қырқы, жыла да тойханада өтеді. Оның дастарханы да тойхананың дастарханындай. Обшым, той бізді деградацияға ұшыратып тынады (түбінде). Бар тапқанымызды бала шағамыздың аузынан жырып тойға жаратамыз. Не деген дарақылық бұл?!», — деп жазды ол.