Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Той енді басталайын деп жатыр. Бірақ адамдар сарқытты пакет, пакет қылып салып жатады. Сол нәрсені мүлдем құптамаймын. Неге кішкене құрметтік көрсетпеске?! Мүмкін кешігетін адамдар болады. Мүмкін енді келе жатқан адам бар. Той басталмады, бірақ сенің пакетің толып дайын тұр ғой. Ол сарқыттан алған не пайда?”, — деді рилс продюсер.