Ертесінде тойға баруы керек болған Осман шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Досының әзілінің салдарынан жігіттің қолына, жамбасына және жыныс мүшесіне зақым келген. Оқыс оқиғадан кейін Османның 26 жастағы досы қашып кеткен екен. Алайда араға бірнеше сағат салып жігіт ұсталды.
Заңмен тыйым салынса да, Мысырда жігіттер жиналған кеште міндетті түрде оқ атудан жарыс өтеді. Желі қолданушылары өз кезектерінде Османды сабырға шақырып, оған қолдау білдіріп жатты. Ауыр жарақаттар салдарынан Османның тойы кейінге қалдырылды.