Той BESTSTAR-дан сыйлық ұтып алыңыз! - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Той BESTSTAR-дан сыйлық ұтып алыңыз!

Той BESTSTAR-дан сыйлық ұтып алыңыз!

Сенбінің кеші нағыз қазақтың тамаша тойымен басталады. Той иелері апалы-сіңлілі Айгүл Иманбаева мен Жанар Айжанова. Ханымдар ұйымдастырған той сән-салтанаты жағынан ешкімге дес бермейді.

  • 24 Қаңтар 2014
  • 759
Фото - Caravan.kz

     Бұл ешқашан кешікпей, дәл уақытында басталатын жалғыз той… Бұл тойдың асабасы — қара сөзді сапыратын, арыны халықты жапыратын сері Нұрлан Албан.

     Көппен көрген ұлы той Бағдат Сәмединованың «Сарыарқа» әнімен ашылып, Қайрат Нұртас, Айгүл Бажанова, Жомарт Марат, Айқын, Ғалымжан Жолдасбай, Шәбә Әденқұлдың тойға тарту еткен әсем әндерімен жалғасын табады.

       «Той Beststar»  «Тойжарыс» деп аталатын бәйге жариялайды. Қатысу үшін тойға барыңыз. Өзіңіздің той ма, басқаның тойы ма — сіздің еркіңіз. Ең бастысы той қызықтарынан видео түсіріп, біздің tbs@ktk-tv.kz электронды мекен-жайына жолдаңыз. Ерекше тілек, қызықты флешмоб, біртүрлі билер, бұрын болмаған ойындар көрсеңіз жай қарап тұрмаңыз — видеоға түсіріңіз.


Жеңімпаз Ұлыстың Ұлы күні 22-Наурызда біздің студияға келіп, жылқы жетектеп қайтады! Қапы қалмаңыздар!

      Эксклюзив! Тойда ән салатын әншілер тойға лайықты болу үшін «Той BestStar» думаны «Тойфактор» деп аталатын жаңа айдар ұсынады. Өзін қазақтың тойына лайықтымын деп санайтын кез келген әнші келіп, Айгүл мен Жанардың сынынан өте алады. Ендеше, осы аптада «Тойфактор»-да жас әнші ADAM. 

   Әр сенбінің кешінде, сағат 19.20-да  КТК арнасында нағыз қазақы тойдың куәсі болуға шақырамыз.

КТК телеарнасы сайтынан эфирде өткен шығарылымдарды тамашалауға болады.

Перейти к новостям спорта