«ТойBestStar» «Өнер қырандарымен» бірге жаңа форматта шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ТойBestStar» «Өнер қырандарымен» бірге жаңа форматта шығады

«ТойBestStar» «Өнер қырандарымен» бірге жаңа форматта шығады

КТК телеарнасының жаңа маусымға көңілді сыбағасы да дайын!  Аптаның екі күніндегі демалыстарыңызды бізбен бірге өткізіп, отбасылық хабарларды тамашалауға шақырамыз. Атап айтар болсақ, «Біздің концерт» «Көңілді отбасы» және «ТойBestStar» ойын-сауық бағдарламалары кештеріңіздің көркін қыздыра түспек.

  • 29 Тамыз 2015
  • 386
Фото - Caravan.kz

Той десе қу басы домалайтын қазақ жұртына бұл жобаның жол тартқаны қашан. Содан бері өз көрерменін тауып, талайдың көңілінен шықты. Енді «ТойBestStar» «Өнер қырандарымен» бірге жаңа форматта шығады. Яғни жұлдыздарға пародия жасалып, тағы бірқатар айдарлар қосылып отыр.

Той — мәдениетіміздің бір бөлшегі. Осыны негізге ала отырып бағдарлама ұжымы жаңа маусымда нағыз тойдың шынайы оқиғаларын көрсетпек. Әр сенбі 19:35-те, қызыққа батып, билеуге де мүмкіндік болады.

Ал «Көңілді отбасында», аты атап тұрғандай, жанұяның баршаңызға мәлім тұрмыс-тіршілігі баяндалады. Оны әдемілеп жүргізетін Шімән апа образындағы Ерболат Төлегенов.

Әзілқой әжей әр жексенбі, кешкі сағат 7 жарымда танымал адамдарды тергеуге алады. Отағасына жөнсіз сұрақтар қойып, беймәлім жайттардың бетін ашады. Оның құрығына алғаш түскен Шахизада, Асхат Тарғын және балуан ұлдарыңыз Ұлан Рысқұл болды.

Жоғарыда аталған қос хабардан кем түспейтін жаңа жобамыз – сенбі күні кешкі сағат 6:15-те шығатын «Біздің концерт». Бұнда әнге де, сықаққа да орын табылды. Әр хабардың қызықққа толы өз оқиғасы бар. Оның жүргізушілер де көрерменнің қалауынша өзгеріп тұрмақ. Алдағы екі күндік демалыстарыңызды КТК арнасымен бірге көңілді өткізіңіздер!



Соңғы жаңалықтар