Тойдағы келеңсіз дәстүрлер: Бойжеткенді ақ киізге орап ұзатты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тойдағы келеңсіз дәстүрлер: Бойжеткенді ақ киізге орап ұзатты

Тойдағы келеңсіз дәстүрлер: Бойжеткенді ақ киізге орап ұзатты

Тойдағы қазақ – ел-жұртқа мазақ . Халықтың қазынасы – тойдың бүгінгі келбеті соңғы кездері ел талқысына жиі түсіп жүр. Қалыңдықтың бетін хит әндермен ашу, жаңа түскен келінді терезеден кіргізу, қыздарын ақ кілемге орап ұзату тізе берсек таусылмайды.

  • 15 Қазан 2018
  • 272
Фото - Caravan.kz

Ал той қонақтарының ерсі билері тіпті жаға ұстатарлық. Ақылға сыймайтын той-томалақтың өзге сұмдықтары туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Күні кеше желіде тарап, қызу пікір-талас туғызған бейнежазба дүйім жұрттың ашуына тиген. Үйінен ұзатылып жатқан бойжеткенді туысқандары ақ кілемге жеңгелерімен бірге отырғызып, сыңсу айтып шығарып салуда. Бірақ, мұның қандай салт екенін көпшілік сол күйі түсінбей-ақ қойды.

Ал батыста бір күнде шаңыраққа екі келінді бірдей түсіріп отырған әулет келіннің бірін терезеден кіргізеді. Дәстүрді сақтаймын деп, күлкіге қалғандары да бар.

Ал 10 жылдай асаба болып, тойды бүге-шүгесіне дейін таныған Нұржан Жолдыбай өз тәжірибесінде ерсі дәстүрді бір-ақ рет көргенін айтады. Оның сөзінше, Батыс өңірінде келінді жасауымен бірге жаңа үйдің босағасынан аттатқызыпты.

«Мен өзім той өткізіп жүрген кезде, мысалы, батыс өңірінде, Ақтөбе қаласында тойда болғанымда, ол жерде болмаған салт-дәстүр жасады. Келінді дүние мен кіргізу, бірақ менің той басқарып жүргеніме 8 жыл болды, 8 жылда сондай дәстүрді мен бірінші рет көрдім. Расында, қарап тұрсаңыздар бір жағынан дұрыс, бір жағынан бұрыс шығар» – дейді асаба Нұржан Жолдыбай.

Ерсі қылықтың төресін тойдан көретін болдық деп, ашынады Хайнилхият Қадырбайқызы. Соңғысы тіпті ашуына тиіпті. Оның айтуынша, жағаұстатарлық ойындар, мәнсіз билер тойдың маңызын құртуда. Мұндай ерсі әдет үшін тамадаларды жауапқа тарқан дұрыс, дейді ол.

“Жуырда бір тойда болдым. Әйелдерді горшоқа отырғызып жатыр. Не ойын ол? Мынадайды қайдан шығарып алған? Мен таңғаламын» – дейді қала тұрғыны Хайнилхият Қадырбайқызы.


Ал, тарихшы Жұмамұрат Шәмшінің сөзінше, бүгінде дәстүрді хайп үшін кейбір адамдар шоуға айналдырған. Келінді кранмен терезеден кіргізу, кілемге отырғызып ұзату, құдалардың үстінен кілем жауып секіру тарихта бұрын соңды болмаған.

«Ол сауатсыздық. Ол бүйректен сирақ шығару. Ақ босаға, ақ төсек, ақ бата деп айтылады. Ақ босағадан аттамаған келінді терезеден кіргізу қазақ сана-сезіміне келмейді. Қазақты мазақ ету, салт дәстүріне әдейі істейді де, мәдениетсіз деп көрсететін ықпалды күштің бар екенін байқаймыз. Бірақ ол құпия сыр» – дейді тарихшы Жұмамұрат Шәмші.

Осылайша, тойдағы қазақ – ел-жұртқа мазақ болуда. Дәстүрдің озығы да тозығы да әлеуметтік желіде жиі жарияланып, қазақ салтының жаңа қырын ашуда. Салтымыз былай тұрсын, ерсі ойындар мен билер жайлы айтудың өзі ұят,- дейді жұрт.