Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Жақында жарыққа шыққан AZ мен Ziruza-ның жаңа бейнебаяны желі оқырмандарын шулатты.
"Көзді ашытады" атты туындыларының мәтіні тыңдарманның құлағын елең еткізді.
"Шындықты қабылдап енді ояндым, Бәрін біле тұра ойнай алмайм. Шақырмай-ақ қой, бәрібір тойыңа бармайм",- деген сөздерін көпшілік Еркеге айтылған деп топшылады.
"AZ бәрін Еркеге айтып жатқан сияқты","Тойыңа шақырмай-ақ қой деймісің Еркеге?","Азамат жоғалып кетпей осылай шығып тұрсаңшы",басылып қалдың ғой","Еркемен дуэттеріңді неге шығармадың","Бір жарқ етіп жоқ болдыңдар ғой",- деп пікір жазды.