Тоқаев Азия чемпионы атанған боксшы қыздарды құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Азия чемпионы атанған боксшы қыздарды құттықтады

Тоқаев Азия чемпионы атанған боксшы қыздарды құттықтады

Ол алдағы әлем чемпионаттары мен Олимпиадада биіктен көрінуіне тілектестік білдірді.

  • 9 Сәуiр
  • 3
Фото: ҰОК

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті.

Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді.