Тоқаев бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.15
  • 550.31
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы айтты

Тоқаев бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі туралы айтты

  • 14 Наурыз
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Енді бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге қатысты пікірталасқа тоқталайын. Үкімет пен Парламент бұл мәселені талқылады. Арнайы зерттеулер жүргізілді, шешімге күмән келтірген қоғам белсенділерінің қаупі мен күмән-күдігі расталған жоқ.

Үкіметтің және депутаттардың басым көпшілігінің, сондай-ақ мамандардың уәжімен келісемін: біздің кең-байтақ жеріміз бар, халқымыздың саны да салыстырмалы түрде алғанда көп емес. Сондықтан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс. Бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді, логистика мен көптеген бизнес-үдерісті оңтайландыруға септігін тигізеді. Осымен пікірталасты доғару қажет деп ойлаймын, оның үстіне бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ», — деді Президент Ұлттық құрылтай отырысында.