Тоқаев Газадағы қақтығысқа байланысты келісімді қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Газадағы қақтығысқа байланысты келісімді қолдады

Тоқаев Газадағы қақтығысқа байланысты келісімді қолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайды.

  • 9 Қазан 2025
  • 9
фото-Ақорда

Бұл туралы Президенттің көмекшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мемлекет басшысы Мысыр, Қатар, Түркия елдерінің араағайындық қызметі табысты болғанын, сондай-ақ, Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерге президент Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапының ерекше үлес қосқанын атап өтті», — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін де Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдады.