Тоқаев Халық кеңесі құрылатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 507.05
  • 594.82
-13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Халық кеңесі құрылатынын айтты

Тоқаев Халық кеңесі құрылатынын айтты

Халық кеңесінің мүшелерін президент тағайындайды

  • 20 Қаңтар
  • 5
ФОТО: Пресс-служба президента Казахстана

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі екі негізгі диалог алаңының орнына Халық кеңесінің құрылатынын мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың тарихи миссиясы табысты аяқталды. Соның орнына Халық кеңесі құрылады.

«Халық кеңесі жаңа мемлекеттік орган болады. Оған барлық этнос, халық топтары мен аймақтар кіреді. Қазақстанның халық кеңесі жоғары консультативтік орган дәрежесіне ие болады. Ал кеңестің құрамын 126 адамнан жасақтау ұсынылып отыр», — деді Тоқаев ұлттық құрылтайдың бүгінгі отырысында.

Халық кеңесінің құрамы:

этно-мәдени бірлестіктерден — 42 адам;

ірі қоғамдық ұйымдардан — 42 адам;

мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден — 42 адам.

Халық кеңесінің мүшелерін президент тағайындайды. Олар өз кезегінде кеңес төрағасын сайлайды. Төрағаның екі орынбасары болады.

«Халық кеңесі заңнамалық бастамаларды көтеру құқығына ие болуы керек. Бұл — маңызды мәселе. Әрине, ондай құзірет кеңестің мәртебесін күшейтеді», — деді президент.

Халық кеңесі ұлтаралық келісім мәселелеріне де жауап береді.