Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жүргізді

Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жүргізді

Ақорда президенттің сәйкес жарлықтарын жариялады

  • 28 Ақпан
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан президенті бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жүргізді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Шаймарданов стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл қызметке Әсет Ерғалиев тағайындалды. Ерғалиев 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін осы агенттікті басқарған еді. Одан кейін президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды.

Сонымен қатар президент өкімімен Абай Қайырбеков ішкі істер министрінің орынбасары – қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Ол ішкі істер органдарында 1998 жылдан еңбек етеді. 2011 жылдан бастап ІІМ орталық аппаратында басшылық қызметтер атқарды.

Перейти к новостям спорта