Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Дегтяревті құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Дегтяревті құттықтады

Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Дегтяревті құттықтады

Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионын құттықтады

  • 5 Қыркүйек
  • 7
Фото - Caravan.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


«Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді», – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, XVII жазғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық Давид Дегтярев парапауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын. Финалда спортшы үздік нәтижемен үш талпыныс жасады, ең үздігі 188 келі (қалған екі талпыныс 185 және 186).