Тоқаев Парламентті реформалау деген Сенатты тарату деген сөз емес екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Парламентті реформалау деген Сенатты тарату деген сөз емес екенін айтты

Тоқаев Парламентті реформалау деген Сенатты тарату деген сөз емес екенін айтты

Президент Парламентті реформалау мәселесін түсіндірді

  • 14 Қазан
  • 8
Фото - Caravan.kz

Президент Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа поратлы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының пікірінше, Парламентті реформалау Сенатты тарату деген сөз емес.

«Парламенттік реформа «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» саяси формуласына толық сай келеді. Жаңа да атап өттім, бұл – мемлекетіміздің құрылымын айқындайтын басты тұжырым. Түптеп келгенде, парламенттік реформа және осыған дейін жүзеге асырылған реформалар біздің аймақта бұрын-соңды болмаған, шын мәнінде, жаңа басқару жүйесінің негізін қалайды. Сондай-ақ, тағы бір маңызды мәселеге назар аударғым келеді: Парламентті реформалау бұл Сенатты тарату деген сөз емес. Мұндай қате пікірге жол беруге болмайды. Біздің алдымызда тұрған мақсат айқын. Біз өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғыртуымыз керек. Осылайша азаматтарымыздың мүдделері мен тілек-ниетін білдіретін заң шығарушы орган мүлде жаңа сипатқа ие болады», — деді Тоқаев.

Перейти к новостям спорта