Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа портаы тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент жеделхатында Шри-Ланканың орнықты даму және халықаралық беделін нығайту жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.
«Қазақстан Шри-Ланкамен қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен берік ынтымақтастық болашақта да халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін», – делінген жеделхатта.