Тоқаев зейнетақыға қатысты тапсырма берді - сарапшылар тобы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев зейнетақыға қатысты тапсырма берді - сарапшылар тобы құрылды

Тоқаев зейнетақыға қатысты тапсырма берді - сарапшылар тобы құрылды

Бұл туралы үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты

  • 9 Қыркүйек
  • 10
ФОТО: Sputnik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова президенттің тапсырмасы аясында сараптамалық топтың құрылғанын мәлімдеді.

Тоқаев өз жолдауында кейбір азаматтардың зейнетақы жинағын лайықты деңгейге жеткізуді тапсырған болатын.

Министр Светлана Жақыпованың айтуынша, сарапшылар осы мәселені зерделеуге кірісті.

“Зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтардың зейнетақы деңгейін лайықты ету бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін еңбек министрлігі алаңында ұлттық сарапшыларды, ұлттық банктің, қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдерін тарта отырып сараптамалық топ құрылды”, — деді Жақыпова үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін сараптамалық топ жұмысының нәтижелері бойынша ақпарат үкіметке ұсынылатын болады.

Айта кетері, Тоқаев, әсіресе, өз-өзін жұмыспен қамтып отырған адамдардың зейнетақы жинағы аз екенін ерекше атап өткен.

Перейти к новостям спорта