"Тоқал деген ыстық дейді": Ерлі зайыптылардың ажырасу сотында еркек судья жанұясын тастап, басқа әйел алып кеткен еркектің сөзін сөйлеген - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тоқал деген ыстық дейді": Ерлі зайыптылардың ажырасу сотында еркек судья жанұясын тастап, басқа әйел алып кеткен еркектің сөзін сөйлеген

"Тоқал деген ыстық дейді": Ерлі зайыптылардың ажырасу сотында еркек судья жанұясын тастап, басқа әйел алып кеткен еркектің сөзін сөйлеген

Ерлі зайыптылардың ажырасу сотында еркек судья жанұясын тастап, басқа әйел алып кеткен еркектің сөзін сөйлегені қаншалықты рас? Тоқал тақырыбы соттың санасына сіңген бе?

  • 17 Желтоқсан 2024
  • 955
ФОТО: Нейрожелі ұсынған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Мұндай ақпаратты Тортуыл Шоқан фейсбуктегі парақшасында бөлісті:

«Ерлі зайыптылардың ажырасу сотында еркек судья, жанұясын тастап—басқа әйел алып кеткен еркектің сөзін сөйлепті.

Атазаңда жазылған зайырлылық жәйына қалып, кейінгі 20 жыл айтылып келе жатқан тоқал тақырыбы соттың да санасына сіңген сияқты.

Басқадан бала туғызған еркектің «дүние үшке бөлінсін, 3 айлық балама да мүлік беріңдер» дегеніне, сот ісін жүргізу нормаларын жатқа білетін судья үндемепті: ол «заңсыз» деп айтпаған.

Еркек жеткен жетістікте оның әйелінің де үлесі бар.

Дәл осы ситуацияда дүние үшке бөлініп, арын ақшаға айырбастаған тоқал — адал әйелдің 40 жылдық еңбегі жемісін бөлісу керек пе сонда?

Пы-сы: жанұядағы қос тарап — тең дүниелеріне ие болмаса, байына жабысқан тоқалдар мен, қатынына жабысқан альфонстарға жем болады, байқау керек!», деп жазды.

«Тоқал деген ыстық дейді білетіндер», «Тоқалдан туған баласына , баласы туылған күннен бастап тапқан дүниесі ғана бөлінетіндей жасау керек», «Заң жоқ, бүткіл заң силовой структураның қолында», деп жазды оқырмандары.