Токио Олимпиадасы: Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Токио Олимпиадасы: Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты

Токио Олимпиадасы: Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты

 

  • 3 Тамыз 2021
  • 65
Фото - Caravan.kz

Бокстан Қазақстан командасының тағы бір өкілі жартылай финалға шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сәкеннің қарсыласы — Габриэль Эскобар 1996 жылдың 22 шілдесінде Испанияның Леганес қаласында дүниеге келген. Бүгінге дейін құрлықтық додаларда жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Әзірге дүниежүзілік деңгейде жүлде алған жоқ. Бүгінгі жекпе-жекте Сәкен қарсыласымен тартысты жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.

Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жегінде Пуэрто-Рикодан келген Янкиель Ривераны 4:1 есебімен жеңсе, одан кейін франциялық Биллал Беннамнан 5:0 есебімен басым түсті.


Айта кетсек, бұдан бұрын жартылай финалға Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) шыққан болатын.