Токиода «Орталық Азия + Жапония» Диалогы аясында Сыртқы істер министрлерінің IV басқосуы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Токиода «Орталық Азия + Жапония» Диалогы аясында Сыртқы істер министрлерінің IV басқосуы өтеді

Токиода «Орталық Азия + Жапония» Диалогы аясында Сыртқы істер министрлерінің IV басқосуы өтеді

10 қараша күні Токиода «Орталық Азия + Жапония» Диалогы аясында Сыртқы істер министрлерінің 4 басқосуы өтеді.

  • 6 Қараша 2012
  • 329
Фото - Caravan.kz

Бұл шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Жапония сыртқы саясат ведомстволарының басшылары қатысады деп күтілуде. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов басқарады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Кездесу аясында тараптар аймақтық ынтымақтастық мәселелерін, Орталық Азия елдерінің Жапониямен қоршаған ортаны қорғау,
денсаулық сақтау, энергетика, сауда және инвестиция, аймақтық қауіпсіздік салаларындағы ықпалдастығын талқыға салып, осы Диалог аясындағы ынтымақтастыққа деген жаңа ұстанымды растайтын бірлескен мәлімдеме қабылдауды көздеп отыр»,-деді ресми өкіл.

Тараптар су-энергетика қорларын үнемді пайдалану және басқару; аймақтың транзиттік-көліктік әлеуетін арттырып, экологиясын сауықтыру; энергия көздерін үнемдейтін жаңа технологияларды енгізу және қайта жанданатын энергия көздерін дамыту мәселелерін талқылайтын болады.

«Отырыс барысында қазақстандық делегация басшысының Жапон Премьер-министрі Йосихико Нодамен, Сыртқы істер министрі Коитиро Гэмбамен, Қазақстанмен достық Парламенттік лигасының төрағасы, бұрынғы Премьер-министр Юкио Хатоямамен, Экономика, сауда және индустрия министрі Юкия Эданомен, сондай-ақ отырысқа қатысатын Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлерімен кездесулері көзделіп отыр»,-деді Алтай Әбибуллаев.

Соңғы жаңалықтар