Токиода өткен балық аукционында көк тунец 1,75 млн. долларға сатылды
![]() |
Токиода өткен Цукидзи балық аукционында Аомори жағалауында ұсталған 222 келі тартатын көк тунец қомақты сомаға сатылды. Жергілікті БАҚ хабарлағандай, үлкен балық бәссаудада 155,4 млн. иенге (1,75 АҚШ доллары) сатылды. |
Бұл балықты сату «тарихында» ең ірі сомаға жасалған «келісім» болып табылады. Мәселен, өткен жылы аталмыш аукционда көк тунец небәрі 56,49 млн. иенге (736 мың доллар) сатылған болатын. Оған қоса өткен жылғы «рекордсмен балық» биылғымен салыстырғанда 100 келіге артық болғанын ескере кету қажет.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін