Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Салық төлемеген танымал адамдардың тізімі әлеуметтік желіде тарап кетті. Тізімді блогер, кәсіпкер Алибеков Бейбіт бастап тұр. Оның мемлекет алдындағы қарызы 2 млрд-тан асып жығылады. Борышкерлердің ішінде журналист Ләйлә Сұлтанқызы да бар. Тізімдегі ақпаратқа сенсек, ол мемлекетке 160 млн-нан астам салық төлеу керек.
Ал, әнші Ерке Есмахан мемлекеттік кірістер комитетіне 198 миллион 610 мың теңге қарыз болса, Алтынай Жорабаева 109 миллион құн салығын төлеуі тиіс.
Әнші Тоқтар Серіковтың мемлекет алдындағы қарызы 83 миллион болып тұр.
Сондай-ақ, тізімде белгілі блогер Өркен Кежебек, продюсер Баян Мақсатқызы, кәсіпкер Тау Сырымбек те бар.
Еске сала кетейік, мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 594 адамның табыс декларацияларында айтарлықтай сәйкессіздіктер анықталып, оларға 53,3 миллиард теңгені құрайтын салықтық міндеттемелер жүктелді.
