Төлешовтің сотында адвокаттардың бәрі құпияны сақтау туралы тілхатқа қол қойған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төлешовтің сотында адвокаттардың бәрі құпияны сақтау туралы тілхатқа қол қойған

Төлешовтің сотында адвокаттардың бәрі құпияны сақтау туралы тілхатқа қол қойған

Билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деп айыпталып отырған Тоқтар Төлешевтің ісіндегі 25 фигуранттың адвокаттары (25 адвокат - агенттік) сот аяқталғанша іс барысына қатысты ешқандай түсіндірме бермеу туралы тілхатқа қол қойды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне сот отырысының үзілісінде фигуранттардың бірі, яғни, «Шымкентсыра» зауыты директорының орынбасары болған Виктор Рулевскийдің адвокаты Асанбек Бердібеков мәлім етті.

  • 14 Қыркүйек 2016
  • 548
Фото - Caravan.kz

«Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта қаралып жатқан Тоқтар Төлешов пе басқалардың сотына қатысып жатырмын. Мен «Шымкенсыра» зауыты директорының орынбасары болған Виктор Рулевскийдің адвокатымын. Соттың бүгін бірінші күні. Сот басталмай тұрып судья бұл істің жабық, құпия түрде өтетінін ескертті. 25 фигуранттартың адвокаттарының барлығы іс барысына қатысты түсіндірме бермеу туралы тілхатқа қол қойдық. Яғни, қандай да бір түсіндірме беруге біздің құқымыз жоқ», — дейді А.Бердібеков.

А.Бердібековтің айтуынша, аты шулы қылмыстық іс 300 томнан тұрады, 150-ге жуық куәгер сұралады. Сондықтан, сот кемінде 2-3 айға созылуы әбден мүмкін, дейді ол. Сот отырысы күнде сағат 10.00-18.00 аралығында өтеді.

Тоқтар Төлешов «Шымкентсыра» зауытының бұрынғы иесі еді. 2016 жылдың қаңтарында Шымкентте күш құрылымдары арнайы операция жүргізіп, оны қолға түсірген болатын. Арада алты ай өткен соң, яғни, маусым айында ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми мәлімдеме жасай отырып, Тоқтар Төлешовке қаражаты мен лауазымын пайдалана отырып, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген айып тақты. Бұл ойын жүзеге асыру үшін Тоқтар Төлешов құзырлы органдар мен әскери саладағы ведомстволардан сыбайластар тапқан екен. Жалпы, осы қылмыстық істе 25 фигурант бар.

Қылмыстық істегі басты жауапкер Тоқтар Төлешев бірқатар қылмыстар бойынша айыпталып отыр, олардың арасында: адам ұрлау, өлтіру, заңсыз бостандығынан айыру, билікті басып алуға жария шақыру, сондай-ақ билікті басып алу немесе ҚР конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның қызметіне қатысу, тонаушылық, ұйымдасқан қылмыстық топ, ұйым құру және оған басшылық ету сияқты айыптар тағылған.


Сондай-ақ ол қарулардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың және жарылғыш құрылғылардың заңсыз айналымына айыпталуда.

Сонымен бірге. Төлешовтің өткізу мақсатынсыз есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар екендігі жөнінде айып тағылуда.