Одан соң халықтың сұрауымен кішкентай балапанға Забирова өз ұстазынан бата беруін өтінген еді.
Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Толқын ханым өз парақшасында мынадай жазба жариялады:
"Халық тілегін орындап жатырмын. Жаңбырмен жер көгерсе, батамен ел көгереді. Не деген ырымшыл халықпыз! Аллаға шүкір, Мөлдір қызымыздың жолы қалай ашылмасқа, батаны 92-ге келген КСРО Халық әртісі, Еңбек ері, Қазақ халқының аңызға айналған Бұлбұлы, менің өнер жолындағы Анам-Бибігүл Ахметқызы беріп жатса!" — деді.
Бибігүл Ахметова жас дарынға: "Баламыздың таланты өрлей берсін. Жолы ақ болсын! Дені сау болсын! Әнші болу үшінде ең бірінші денсаулық маңызды, Тойдың әншісі болып кетпей, өз білімін жетілдірсін, дамысын! Қызымызға Димаш ағасының жолын берсін, сенің жолыңды берсін, менің жолымды берсін. Әумин" ,- деп өз батасын берді.
Белгілі болғандай елді ерекше даусымен таң қалдырған бүлдіршін қыз Ақтөбе өңірінен екен, есімі Мөлдір. Оның әлдебір тойда ән айтқан видеосы кең тарап кетті.
Сондай-ақ әншінің оқырмандары да толассыз хаттарды жаудырды, Тілектерін жазып жас талантқа қолдау білдірді.
Соның ішінде әнші Сәкен Майғазиев:
"Жаным апам, ақ батаңыз қабыл болсын. Толқын Қалиқызы, сіз де бақытты шәкірт, ұлағатты ұстазсыз. Кәсібиліктеріңізбен үлгі болып жүре беріңіздер"— деп өз тілегін жолдады,