"Толқынмұнайгаз" Маңғыстау облысындағы Боранкөл кенішінде газ құбырын тартуды көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Толқынмұнайгаз" Маңғыстау облысындағы Боранкөл кенішінде газ құбырын тартуды көздеп отыр

"Толқынмұнайгаз" Маңғыстау облысындағы Боранкөл кенішінде газ құбырын тартуды көздеп отыр

Маңғыстау облысындағы Боранкөл кенішін игеруші "Толқынмұнайгаз" ЖШС ұзындығы 21 шақырымдық газ құбырын тартуды көздеп отыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қыркүйек 2005
  • 691
Фото - Caravan.kz

Газ құбыры Боранкөл кенішіндегі газды кешенді дайындау қондырғысынан Бейнеу ауданындағы Опорная бекетіне дейін созылатын магистральдық газ құбырына дейін тартылады деп күтілуде.
Компанияның мәліметіне сәйкес, газ құбыры Боранкөл және Толқын кенішінен газ және конденсат тасымалдауға арналады. 2005-жылдың алғашқы жартысының қорытындысына сәйкес 2,3401 мың тонна мұнай , 125,3995 мың тонна конденсат, 3 млн. 294 мың 715 текше метр ілеспе газ, 570 млн. 226 мың 646 текше метр табиғи газ өндірілді.
Компания бүгінгі жағдаймен газ құбырын тартуға тендер жариялап отыр. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Толқынмұнайгаз» ЖШС тәулігіне 10 млн. текше метр өнім өндіре алатын «Боранкөл газ өңдеу зауытының» жобасын жасаған. Бүгінде жобаның техникалық тапсырмасы жасалып, тендер өткізуге құжат дайындау және жобалау жұмыстары басталды. Зауыт 2005-жылдың ІҮ тоқсанында салына бастайды деп күтілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта