"Толып, белі екі есе жуандап кетті": Меруерт Түсіпбаева Жадоны қайта сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Толып, белі екі есе жуандап кетті": Меруерт Түсіпбаева Жадоны қайта сынға алды

"Толып, белі екі есе жуандап кетті": Меруерт Түсіпбаева Жадоны қайта сынға алды

Әнші Меруерт Түсіпбаева дизайнер Жадоны қайта сынға алды. Бір жыл бұрын екеуінің арасында жанжал туып, соңы сотқа жеткен еді. Ұрыстың шеті қайта шықты.

  • 26 Қараша 2018
  • 196
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Түсіпбаева “Айта берсін” бағдарламасында айтты.

“Жадыра ханым өзі не істерін білмей жүрген адам. Бастапқыда жақсы биші еді. Белі қылдай болатын. Кейін толып, белі екі есе жуандап кетті. Тұрмысқа шығып, ана атанған соң одан әрі тола бастады. Сондықтан дизайнер болды. Ол дипломы жоқ дизайнер. Кейін продюсерлікті қолға алды”, – дейді Түсіпбаева.

Әнші егер Жадыра ханым әншілікке бет бұрса, қандай күйде болатынын жасырмады.

“Ән айтатын болса, не айтарымды білмеймін. Қуанатын шығармын, өйткені біршама арықтайтын еді. Қазақ эстрадасында толық әншілер онсыз да көп қой”, – дейді әнші.


Айта кетейік, былтыр Түсіпбаева Жадыра ханымды доңызға теңеген болатын. Оның білімді сәнгер екеніне күмән келтірген еді.

Перейти к новостям спорта