"Толық соғыс алаңына айналды". Украинада соғыс жағдайы енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Толық соғыс алаңына айналды". Украинада соғыс жағдайы енгізілді

"Толық соғыс алаңына айналды". Украинада соғыс жағдайы енгізілді

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс жағдайы енгізілгенін мәлімдеді.

  • 24 Ақпан 2022
  • 142
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол украиндықтарға үндеу барысында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы unian.net порталына сілтеме жасап.

"Құрметті Украина азаматтары! Бүгін президент Путин Донбасста арнайы әскери операция басталғанын хабарлады. Ресей біздің әскери инфрақұрылымымызға соққы берді", — деді ол.

«Біз соғыс жағдайын енгізіп жатырмыз», — деді Украина мемлекетінің басшысы.

Сондай-ақ ол елге мүмкіндігінше үйде отыруды өтінді.

«Үрейленбеңіз, біз күштіміз, біз бәріне дайынбыз, біз бәрін жеңеміз», — деді Зеленский.

Ал саясаттанушы Асхат Қасенғали Укрина жері толық соғыс алаңына айналды деп жазды.

"Ресей зымыран соққыларымен Украинаның әскери қоймаларын жоюда. Әскери нысандар мен зымыран кешендеріне соққы жасалып жатыр. Әуежайлар, ПРО және ПВО жүйелеріне шабуыл толастар емес. Украинаның теңіз күштеріндегі кемелері талқандалғаны айтылуда. Одесса маңына Ресей десанты түсіріліп, операция басталғаны жайлы ақпарат бар. Украина жері толық соғыс алаңына айналды",- деді ол. 


Еске салсақ Ресей президенті Владимир Путин Донбасста әскери операция бастайтынын айтқан болатын.